Қазіргі қыздарға насихат🌺
Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүйікті қызы Фатима (радияллаху анху) тұрмысқа шығып бара жатқанда, оған былай деп өсиет айтқан:
«Қызым әрдайым таза әрі ұқыпты бол! Жаратушыңды есіңнен шығарушы болма! Күйеуің саған қараған кезде, оған қуаныш сыйлайтындай бол, ол сенен тыныштық табатын болсын. Сүрме қолдан! Бұл әйелдердің бұйымы.
Қызым, күйеуің саған қараған кезде, назарыңды төмен салма, оған да сондай көзбен қара! Осылай жасайтын болсаң, араларыңдағы сезім күшейеді. Ол басқа жаққа қарап тұрған жағдайда да, сен оның жүзіне қарап тұр. Мұның пайдасы өте көп... Оған әрдайым жылы жүзбен күліп қарауың, саған бір ай бойы Рамазан айында ораза ұстағанмен бірдей сауап болады.
Күйеуіңе үндемей жүрме, оған немқұрайлылық танытпа! Ол ұнататындай етіп сөйле, сол кезде махаббатарың артады... Басқаларға оның қателері жайлы айтушы болма! Егер оның кемшілігін айтар болсаң, Алланың қаһарына ұшырайсың... Мұндай жағдайда саған періштелер де, пайғамбарлар да және күйеуің де қарсы болады...»
📕(Мұстафа Рақым, «Муршид-и Мутааххилин» 23 бет)
Сахабалардың бірінің қызы Әсма бинт Харис тұрмысқа шығарда, анасы оған былай деп насихат айтқан:
«Қызым, сен біздің үйден кетіп, өзің білмейтін бөтен отбасыға кетіп барасың... Жұбайыңа жер секілді төсел, ол сенің аспаның болсын! Оның күңі сияқты жағдайын жаса, ол саған құлыңдай қызмет қылады!
Оған жұмсақ бол! Оның көңіл күйі жоқ екенін байқасаң, мазасын алмауға тырыс. Оның ашуы басылғанша, көзіне түсуден абай бол. Құлақтарың мен тіліңе мұқият бол... Ол саған жаман нәрсе айтар болса, оны тыңдамауға тырыс және оған қарсы жауап қайтарушы болма! Оған қарсы шықпа! Ол әрдайым сенің күліп тұрғаныңды, жылы сөзіңді еститін болсын. Сонда ғана ол саған жылулық танытатын болады...»
📙(Осман Карабулут, « Тұрмыс құру және оның Исламдағы қасиеттілігі», 82 бет)
Араб тайпаларының ақсақалдарының бірі Ауфа бин Милхамның Умму Унас атты қызы болатын. Оның әкесі қызын, Кинди билеушілерінің бірі Харрис бин Амирға бермекші еді. Неке қиылатын күннің қарсаңында, анасы Умманы алдына отырғызып, бұл тайпада бағзы замандардан қалыптасқан дәстүрмен, қызына өсиет айта бастады:
« Балам! Саған бірнәрсе түсіндірейін. Мұны жақсылап ұғып ал, сонда күйеуіңмен қарым-қатынасың жақсы болмақ:
1. Күйеуіңнің бар байлығына разы бол! Былайша айтқанда, оның сені қалай тамақтандырғаны мен киіндіргеніне шүкірлік ет! Өйткені, тек шүкіршілік ету арқылы жүрек тыныштық табады.
2. Онымен сөйлескенде сыпайылық таныт, оның сөздерін мұқият тыңда! Әрдайым оған құлақ ас, оның құрметі мен сенімін жоғалтып алма! Алла Тағала әрбір мейірімді әрі тіл алғыш адамға разы.
3. Оның не көретініне мұқият бол! Көздері харамға түсіп кетпеуін қадағала.
4. Тұратын жеріңнің ауасын жаңартып отыр әрі хош иістерді пайдалан! Үйіңде әрдайым хош иіс шығып тұратын болсын... Оған ешқашан жаман иістер сездіруші болма! Ең жақсы тазартатын әрі сергітетін су екенін ұмытпа.
5. Тамақты әрдайым уақытылы бер! Оның қарны ашқан сәтте, сенің тамағың дайын тұратын болсын.
6. Кешкі асты жатар орынға қарай әзірлеме! Тамағы мен жатын орнын ол үйренген уақытқа әзірле! Адам қарны ашқан кезде қалай шыдамсыз болса, ұйқысы келгенде ұйықтамау оны ашушаң әрі ұсқынсыз етеді.
7. Оның киімдері мен заттарына ұқыпты қара! Күйеуінің көйлегінен әйелінің ісін көруге болады.
8. Оның туыстары мен жақындарына сыпайы бол! Күйеуіңнің туыстары мен жақындарын сыйлау сенің естиярлығың мен парасаттылығыңның белгісі.
9. Оның құпияларын жария етуші болма! Олай ететін болсаң оның сенімінен айырыласың әрі оған сенуден қаласың.
10. Дінге қарсы келмейтін болса, оның кез келген тілегін орындауға тырыс! Оған қасарысушы болма... Оған бас имейтін болсаң, оны өзіңе қарсы қойып аласың... Ол уайымдап отырғанда, көңілді жүрме, ал егер ол көңілді жүрсе, уайымшыл болма! Бұл сенің онымен бірге өмірдің дәм-тұзын бірге татуға дайын екеніңді көрсетеді.
Менің айтқандарымды орындаймын десең, ең бірінші күйеуіңнің не қалайтындығын ескер және оның қалауын өзіңдікінен жоғары қоюыңа тура келеді. Егер де, оның қалауын өзіңнің қалауыңдай көретін болсаң, менің айтқандарымды еш қиналмай істейтін боласың...»
📗(Мехмед Саид, «Отбасылық бақыттың қағидалары» 5-6 бет)
Бұл өсиеттер бұрынғы замандағы ата-бабаларымыздың тату-тәтті өмір сүріп кеткендігінің көрсеткіші. Мұның барлығы қазіргі қыздардың, отбасылық өмірді құруынан бастап, бала тәрбиесі, жанұя бақытына жетуге дейінгі таптырмас көмекші болмақ.